Ер адамның өлімі туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды.
«Оның жасы 65–те. Өзін биік тауда жайсыз сезінген. Жүрегі ұстап қалған»,– делінген хабарламада.
Республикалық жедел құтқару жасағының мәліметінше, кезекші диспетчерлік бөліміне Букреев тауының шыңында бір адамның ауырып қалғаны туралы ақпарат түскен.
«Бұл бүгін болды. Біздің жедел топ кинологиялық есеппен құтқаруға аттанды. Оқиға орнына алдымен жедел жәрдем келді. Дәрігерлер зардап шеккен адамға атпен жетті. Біреулер медицина мамандарына екі ат беріпті. Бірақ, өкінішке қарай, ол тыныс алмай жатты. Көрсетілген барлық реанимациялық шараларға қарамастан, ол қайтыс болды. Құтқарушылар ер адамның денесін төменге түсірді», - деп хабарлайды РЖҚЖ.