«4 ақпанда сағат 12.20-да Алматы қалалық ТЖ департаменті Үлкен Алматы өзенінің бассейніне қарасты, Үлкен Алматы көлі - Космостанса жолындағы № 18-ші қар жинағыш аумағында алдын алу мақсатында қар көшіру шарасына қатысты», - деді С.Баймұханбетова.
13 зарядтың күшімен 1 жарылыс жасалды. Соның салдарынан көлемі 1000 текше метрді құрайтын қар көшкіні болды. Ол жолдың 80 метрлік бөлігін жауып тастады. Құрбан болғандар және зардап шеккендер жоқ.
Жолды қардан тазартуға «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің 1 техникасы жұмылдырылды.
Ал қар көшіру жұмысына Алматы қалалық ТЖД тарапынан - 2 адам, «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі тарпынан - 15 адам, 3 техника, «Апат медицинасы орталығы» мемлекеттік мекемесі тарапынан - 3 адам, 1 техника, «Республикалық жедел-құтқару отряды» мемлекеттік мекемесі тарапынан - 6 адам, 1 ит, 1 техника, «Нартас» ЖШС тарапынан - 6 жарғыш маман, 2 техника, Алматы қалалық ІІД тарапынан - 5 адам және 2 техника жұмылдырылды.