«Мектеп формасы Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығы бойынша бекітілді. Яғни, мұнда мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптар бекітілген, ол білім беру ұйымымен анықталады, бірақ бұйрықта жазылады. Бiз айтқандай, бiрыңғай мектеп формасы, балалардың ұқыпты келбетi болуы керек. Әрбір білім беру ұйымы, әрбір мектепте бірыңғай талаптар бар. Спорттық аяқ киімге келетін болсақ, аяқ киімнің классикалық көрінісі болуы керек. Нақты талаптар қосымша қойылмаған», — деді Ләззат Жылқыбаева.
Бұған дейін Алматы қалалық білім басқармасының өкілдері 2023 жылы мектеп формасы қалай өзгеретінін айтқан болатын.
Ер балаларға арналған мектеп формасы:
- пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте (кардиган), поло жейде немесе тенниска (қыс мезгілінде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
Қыз балаларға арналған мектеп формасы:
- пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте (кардиган), поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.