Алматы мектептерінде сейсмикалық төзімділік жұмыстары жүргізілуде
Оның айтуынша, қазір Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарында 12 600 орындық 8 мемлекеттік мектепте және 17 жұмыс істеп тұрған мектепке 8 263 орындық қосымша құрылыс салынып жатыр. Атап айтсақ бұл №38, 60, 166, 186, 6, 132, 117, 133, 144, 121, 199, 191, 57, 177, 102, 34, 170-ші мектеп.
«4 150 орындық 9 қосымшаның құрылысын оқу жылының басында аяқтау, ал қалған 8 қосымшаның құрылысын осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ, 4 мектептің ғимаратына қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, ол №7, 40, 45, 54 мектеп. № 81 мектептің сейсмотұрақтылығын күшейту аяқталды, тағы №40, 45, 54-ші мектептің құрылысын 1 қыркүйекке дейін және № 7 мектептің құрылыс-монтаж осы ағымдағы жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарлануда»,-деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, ол қазір №4 мектепті реконструкциялау, 2 мектепке қосымша құрылыс салу және 3 мектепті сейсмикалық күшейту бойынша жұмыстар басталғанын айтты.
Жөндеу жұмыстары кезінде мектептерді көшіру жұмыстары жүргізілуде.