Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы әуе қатынасын қалпына келтірді.
Осылайша 2023 жылдың 2 маусымынан бастап «Түрікменстан» әуе компаниясы екі ел арасындағы тұрақты жолаушы рейстерін қайта бастады.
Тасымал «Боинг – 737» әуе кемесімен жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы-Ашхабад бағытында жасалады.
«Әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді» дейді комитеттің баспасөз қызметі.