"Биыл бiз Алматы мен Астана агломерацияларының кешендi жоспарын жасақтаумыз қажет. Тиiстi жұмыстар атқарылуда. Жыл соңында дейiн қажеттi құжаттар ұсынылатын болады. Оның қатарында архитектуралық және қала құрылысы жоспары жүйесiнде ең кешендi болып саналатын аумақты ұйымдастырудың бас сызбасы құжаты бар. Келесi кезең - аймақаралық схемаларды дайындау. Архитектуралық және қала құрылысы туралы заңда агломерациялар арасында аймақаралық схемаларды жасақтау қажет. Бұл өз кезегiнде агломерациялардың даму сызбасының түп-тамыры болып табылады. Кейiн осы сызбалардың негiзiнде агломерацияларға енетiн елдi мекендердiң бас схемалары қабылданады", - деп атап өттi министр.
Оның айтуынша, аймақаралық сызбамен бiрге агломерацияларды тиiмдi басқарудың кешендi жоспары құрылатын болады.
"Агломерациялардың дамуы архитектуралық және қала құрылысы саласының мәселесi емес, сонымен қатар ол басқару саласына да қатысты. Сондықтан осымен қатар аймақаралық схемаларға енбейтiн өзге де мәселелер қарастырылатын кешендi жоспар жасалады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ж ыл соңында дейiн Үкiметтiң жоспары бойынша қажеттi нәтиже беруiмiз шарт", - дедi Б.Жәмiшев.
Айта кетейiк, ҚР Президентi Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында Астана мен Алматы қалаларында агломерацияларды құру жөнiнде тапсырма берген болатын.