Елордалық әуежайдың онлайн-таблосынан хабарланып отырғандай, Астана-Талдықорған бағытындағы рейс кешігуде. Ақтөбеден ұшатын рейс тоқтатылды.
Астана-Ақтөбе және тағы бір халықаралық бағдар: Астана-Үрімші рейсі тоқтатылды.
Бұдан басқа, Алматы әуежайының сайтындағы электрондық таблоға сәйкес, халықаралық және ішкі бағыттар бойынша ұшып шығатын рейстер кешігуде. Бұл Алматы-Қарағанды, Алматы-Үрімші, Алматы-Амстердам (техникалық себептермен). Алматы-Үрімші бағытындағы рейс тоқтатылды.
Қарағанды, Өскемен, Астанадан, сондай-ақ Үрімші, Хошиминнен ұшатын халықаралық рейстердің ұшып келуі кешігіп жатыр. Алматы-Орал, Алматы-Джебел Әли (Әл-Мақтұм), Алматы-Үрімші бағытындағы рейстер тоқтатылды.
Астанада қар аралас күшті жел, ауаның температурасы 12 градус аязды көрсетіп отыр. Алматыда түнде қар жауды, ауаның температурасы - Цельсий бойынша 3 градус.