Алматы мен Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар бағамы 350-ге жетті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мен Астана қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы АҚШ доллары үшін 350-ге дейін өсті. Бұл деректерді kurs.kz және valuta.kz сайттары келтірген.

KASE таңертеңгі сессиясында доллар 3,98 теңгеге көтеріліп, 347,86 теңгені құрады.