Жоба Талғар, Еңбекшіқазақ, Іле, Қарасай, Жамбыл аудандарын, сондай-ақ Қонаевты қамтымақ. Жалпы ұзындығы шамамен 146 шақырым. Жоба Алматы қаласы мен Алматы облысының автомобиль көлігі жүйесінің мәселелерін шешуге арналған. Күн сайын өңірде тұратын 500 мың адам мегаполиске келетінін ескерсек, аталған құрылыс жол инфрақұрылымына түсетін жүктемені азайтуға ықпал етпек.
Құрылыстың қашан басталатыны және жобаның құны әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта уәкілетті басқармалар мен әкімдіктері Алматы қаласының шекарасынан Алматы облысының аудандары мен облыс орталығына дейінгі көлік дәлізін анықтау жұмыстарын бастады. Көлік дәлізі анықталғаннан кейін «Ташяпы» серіктестігі есебінен техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу басталады.
Алматы облысының әкімдігі аталған жоба Алматы агломерациясының кешенді қала құрылысы жоспарын ескере отырып әзірленетінін хабарлады.
«Компания жобаны жүзеге асыру үшін ынтымақтастық механизмі бойынша ұсыныс дайындап жатыр. Алдын ала жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) аясында жүзеге асырылатын болады, жеке инвестициялардың да ұсынысы қарастырылуда. Әзірленген техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттама мұқият мемлекеттік сараптамадан өтеді. Сонымен қатар, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу кезінде әр ауданда қоғамдық тыңдау ұйымдастырылып, онда аудан тұрғындары мен мамандардың пікірі мұқият ескерілетін болады», - деп атап өтті облыс әкімдігінен.
Айта кетейік, бұған дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі автомобиль жолдары комитеті түрік компаниясын Ақтөбе-Мақат жолын қалпына келтіруге байланысты сотқа берген болатын.
Алматы облысы әкмідігінің мәліметінше, бүгінгі күні тараптар арасындағы барлық келіспеушіліктер шешілді.
«2019 жылы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жол комитеті мен «Ташяпы» серіктестігі арасында туындаған сот дауларының болуына қатысты бүгінде тараптар арасындағы барлық келіспеушіліктер шешілді. 2022 жылдан бастап «Қарағанды-Жезқазған», «Ақтөбе-Қарабұтақ-Ұлғайсын» және «Оңтүстік-Батыс Шымкент айналма жолы» автокөлік жолдарын қайта жаңғырту жобаларын жүзеге асыру бойынша айналма жол мен Ташяпы арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр»,- деп атап өтті облыстық әкімдіктен.
«Ташяпы» серіктестігі 1979 жылдан бері өзін түрлі салаларда инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұрақты кәсіпорын және сенімді іскер серіктес ретінде танытты. Олардың қатарында энергетика, туризм, мұнай, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, сондай-ақ тау-кен және аэроғарыш өнеркәсібі бар. Түрік компаниясының серіктес елдері Ирак, Ресей, Қазақстан және Дубай, сондай-ақ Африка континентінің мемлекеттері бар.