«Біздің еліміздің әуе кеңістігінде осы әуе кемесінің пайда болғанына биыл бес жыл болды. Ал оның арғы жағындағы он жылдан бері Қызылордаға үлкен ұшақ келіп көрген емес. Не дегенде де бұл Сыр елінің жұртшылығы үшін үлкен қуанышты жаңалық болып отыр» деді «Қорқыт ата» әуежайының бас директоры Қайдар Нұрлыбаев бізбен әңгімесінде.
Қазіргі күндері әуежай мұндай алып әуелайнерлерін қабылдауға дайын. Ол осы заманғы технологиямен жабдықталған. Биыл оның ұшу алаңдары толық күрделі жөндеуден өтіп шықты.