Алматы мен Нұр-Сұлтанның арасын 4 жолақты жол жалғайды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы 10 жылда елдегі сапасы нашар жолдар 40 пайыздан 12 пайызға азайған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталықкоммуникациялар қызметінде өткен брифиингте «QazAvtoJol» ұлттық компаниясыныңбасқарма төрағасы Ұлан Әліпов осылай мәлім етті.

«Нұрлы жол»мемлекеттік бағдарламасы бойынша ұзындығы 4,4 мың шақырымнан асатын 14 жобаныжүзеге асыру алдағы күннің міндетіне кіріп отыр. Аталған жобаларға 18 мың адам мен 12 мыңжуыққа техника жұмылдырылған», - дейді компания басшысы.

Соныңарқасында Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс, Орталық-Солтүстікдәліздерінде жол сапасы жақсармақ. «Халықаралық дәліздермен қатар шекарамаңындағы бағыттарға да басымдық беріледі. Оған Алматы-Өскемен, Үшарал-Достық,Бейнеу-Ақжігіт, Қалбатау-Майқапшағай, Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы бағыттарыкіреді. Қазіргі уақытта мердігерлік шарттарға қол қойылып, дайындық жұмыстарыжасалып жатыр», - деді Ұлан Әліпов.

Қазақстанжолдарын жөндеуге шетелдік инвесторлар да қаржы құйып отыр.

«Мемлекеттікемес қарыз есебінен мемлекеттік кепілдікпен Еуропа қайта құру және дамубанкімен және Қытайдың «ЭКСимБанкімен» келісім жасалды. Тартылған қаражаттыңесебінен Талдықорған-Өскемен (763 шақырым), Қалбатау-Майқапшағай (415 шақырым),Меркі-Бурылбайтал (266 шақырым), Күрті-Бурылбайтал (143шақырым) учаскелеріндежұмыстар жүріп жатыр», - деді Ұлан Әліпов.

Оныңайтуынша, «QazAvtoJol» ұлттық компаниясыөз стртегиясын қайта қарап жатыр. Бұдан былай негізгі басымдық адамқауіпсіздігіне берілетін болады. Сол үшінде Нұр-Сұлтан мен Алматының арасынжалғайтын республикалық маңыздағы жолдардың бәрін 4 жолақты, бірінші дәрежеліжолдарға айналдыру көзделген. Біз қазірқоғамның стратегиясын қайта қараймыз. Ал жол бойындағы адам өлімін мүлде жоюүшін Zero Vision жүйесі енгізілмек.

Соңғы жаңалықтар