Қазақстан Президенті Касым-Жомарт Тоқаев өңірлердіңинвестициялық тартымдылығын арттыру міндетін жүктеді. Оңтүстік Корея -Қазақстанның 12 ірі сауда серіктестерінің бірі. Соңғы 10 жыл ішінде ОңтүстікКореяның Қазақстан экономикасына салғанинвестициясының көлемі 4,5 млрд. АҚШ долларын құрады.
Алматыда Оңтүстік Корея капиталымен жұмыс істейтін 320кәсіпорын бар. Олар сауда, медицина, құрылыс және телекоммуникация салалары.
Б.Сағынтаев Алматыда ашылған Кореяның сауда жәнеинвестициялар агенттігі (KOTRA) өкілдігінің іскерлік байланыстарды нығайтудағымаңызды рөлін атап өтті. Осы жылдың 5 айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тауар айналымының өсімі5,5%-ды құрады.
Алматы әкімі қалада мұнайға тәуелсіз сервистік экономикадамығанын атап өтті.
Алматы еліміздің қаржы-экономикалық орталығы ретінде жоғарыинвестициялық тартымдылыққа ие. Қалада 185 мыңнан астам орта және шағын бизнесбар. Индустриалды аймақта, инвестициялық жобаларға бірқатар жеңілдіктерқарастырылған. Осы жылдың сәуір айында аталған аймақта Hyndai зауытының құрылысы басталды.
Инфрақұрылым мен көлік саласындағы ынтымақтастық дамуда.Өткен жылы Алматы қаласын «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» жүйесіне қосатын улкен Алматы айналма жолдың құрылысы басталды. Құрылысқа оңтүстіккореялық SK Group, Korea ExpresswayCorporation компаниялары қатысуда. Сонымен қатар, Hyundai Rotem мен Алматымитрополиті арасында электрлік жылжымалы құрамды жеткізуге келісімшарт жасалды.