«Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостердің айтуынша, Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда айналымдары күн өткен сайын артып келе жатыр, екі ел арасында қоғамдық-саяси, мәдени және экономикалық байланыстар дамып келе жатыр. Қазіргі уақытта әуе компаниясы Алматыдан Бейжіңге, ал Астанадан Үрімшіге дейін ұшуды ұйымдастырып отыр, дегенмен оның өзі сұранысты қанағаттандыра алар емес.
Үрімші қаласына «Эйрбас-320» жайлы ұшағымен саяхаттан рахат аласыз. Тариф құны эконом-класс билеттері үшін 27000 теңгеден және бизнес-класс үшін 140000 теңгеден басталады. Әуежай алымдары мен басқа да салықтар қосымша алынады. Ұшу уақыты 1 сағат 50 минут.
18:47, 23 Маусым 2010
Алматы мен Үрімшіні жаңа тікелей рейс жалғайды
АЛМАТЫ. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат /Елена Ильинская/ - Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы - «Эйр Астана» әуекомпаниясы 2010 жылдың 2-ші шілдесінен бастап Алматы - Үрімші тікелей рейсінің ашылуы туралы қуанышпен хабарлайды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласында өткізілген арнайы баспасөз мәслихатында компания өкілдері мәлім етті.