«Алматы - менің сүйікті қалам» атты фото байқау өтеді

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Алматыда қыркүйек айының 25-інен қазан айының 5-іне дейін дәстүрлі 4  қалалық «Алматы - менің сүйікті қалам» атты фото байқау өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны Алматы қаласы жастар саясатының  мемлекеттік дамыту қоры мен Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы ұйымдастыруда.

«Фото байқаудың мақсаты - жасөспірімдер мен жастардың арасынан шебер фото-суретшілерді табу», дейді ұйымдастырушылар. Байқау «Алматы табиғаты», «Сәулет және қала рәмізі», «Алматы - жастар қаласы» атты номинациялар бойынша өтеді.

Қала күніне арналған фото байқаудың жеңімпаздарының салтанатты құттықтау  рәсімі  Ә. Қастеев атындағы  өнер мұражайында өтеді. Таңдап алынған фото суреттер осы жерге  қойылатын болады.