Алматы мерекеге қалай дайындалып жатыр

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы желтоқсан айы басталғалы бері мерекелік безендіруге дайындалып жатыр. Қаладағы кәсіпорындар әр ғимаратты әрлеуге көшкен.

Ең үздік жұмыс авторларын қала әкімдігі марапаттайды.
   

«ҚазАқпарат» агенттігінің фототілшісі қала көшелеріндегі белсенді дайындықты суретке түсірді.

Айта кету керек, Алматы билігі желтоқсан айындағы мерекелік безендіруге 175 млн теңге жұмсағанын хабарлаған болатынбыз .
 

Қалада 18 желтоқсаннан кейін Республика сарайы, Абай атындағы опера және балет театры, ҚР Тұңғыш Президенті паркі, Алматы арена сарайы маңында 15 шырша орнатылады.
 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда бас шыршаның шамдарын 18 желтоқсан күні жағу жоспарланған .
 
 

 

Соңғы жаңалықтар