«Тергеу соты Қожамқұловқа қатысты бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуды қабылдады», - деді қалалық соттың баспасөз қызметі.
Жол-көлік оқиғасы 13 желтоқсанда орталық мешіт маңында Пушкин көшесінде болған.
44 жастағы «Range Rover» жүргізушісі үш көлікті соғып, барып жол шетінде тұрған үш адамды қағып кеткен.
Медициналық сараптама оның мас болғанын көрсетті.