Алматы метрополитені 1 жылда 6 миллионнан астам жолаушыға қызмет көрсетті

None
АЛМАТЫ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы метрополитені күн сайын 20-21 мың жолаушы тасымалдайды. Оны қала әкімі Ахметжан Есімов бүгін метроның М. Әуезов театры бекетінде «Метро балалар көзімен» қалалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау кезінде айтты.

«Осыдан дәл 1 жыл бұрын 1 желтоқсанда көп жыл салынған метро құрылыс аяқталып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі келіп ашқаны баршаңызға мәлім. Бірінші күннен бастап тұрақты түрде қала тұрғындары мен  қонақтарының  шаһар ішінде жүруіне қызмет көрсетіп жатыр. Қазірдің өзінде оның қызметін 6 миллион жолаушы пайдаланды. Алғашқы кезде күніне  13-14 мың адам жүретін болсса, қазір олардың саны 20-21 мыңға жетті», - деді А.Есімов.  Ахметжан Смағұлұлының айтуынша, қазір ықшам аудандарда тағы 2 метро бекетінің құрылысы аяқталады. Олар іске қосылғанда метро қызметін пайдаланушылар саны бұдан да әрі өсетін болады.