Аталған интернет ресурста ақпарат мүмкіндігі шектеулі жандарға анық әрі жеңіл көрінетіндей орналастырылған.
«Енді зағип жандар метро жаңалықтарын, пойыздардың жүру кестелерін бақылап, директорға сұрақ жібере алады. Арнайы редактор бөлімінде шрифтердің үлкендігін, артқы фонды ауыстыруға болады. Осылайша олар өзіне ыңғайлы етіп жасай алады. www.metroalmaty.kz сайтын орыс және қаза тілінде оқуға болады», - делінген хабарламада.