Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған депутат Жұмабек Төрегелдинов осылай мәлім етті.
«Қазіргі уақытта Алматы метрополитенінің екінші кезеңін жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда бұндағы құрылыс нормалары мен ережелері 70 жылдары белгіленген екен. Бұл жылдары метро құрылысы бойынша ядролық бомбылаудан қорғаныс орындарының жобалары да қоса есептелген. Сондықтан да, бұл ережемен жүретін болсақ метро құрылысы тағы да 20 пайызға артуы мүмкін», - дейді Ж. Төрегелдинов. Осыған орай, Сенат депутаттары әлгіндей ядролық жарылыстан қорғану орындарын салудың қажеттігіне шүбә келтіреді. «Қазіргі әлемдегі геосаяси жағдайды, еліміздің әскери доктринасын салмақтасақ метрополитен аясынан ядролық бомбалаудан қорғаныс орындарын салудың ешқандай да қажет болмайтынына көз жетеді. Десе де, бұл жерде жер сілкінісі секілді табиғи техногендік сипаттағы қатерлерден қорғаныстарды естен шығармаған ләзім», - дейді сенатор.
13:54, 17 Наурыз 2011
Алматы метрополитенінен ядролық жарылыстан қорғану орындарын салудың қажеті шамалы - Ж. Төрегелдинов
АНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Алматы метрополитенінен ядролық жарылыстан қорғану орындарын салудың қажеті шамалы.