Алматы метросы: «Қалқаман» стансасының жаңа келбеті қандай болмақ
«Метропроект» ЖШС бас инженері Павел Московчуктің айтуынша, метрополитеннің құрылысы «Западный» автовокзалымен біріктірілмек.
«Желі трассасы Қалқаман стансасы салынып жатқан Әшімов көшесінің астымен өтеді. Райымбек батыр көшесінен төмен көлік торабы салынады. Осылайша біз вокзал мен метрополитенді біріктіреміз. Бұл көлік торабы болады. Оған жерасты тұрақтары кіреді. Яғни, батыс жақтан келетін көліктерге біз таңдау мүмкіндігін береміз. Олар көліктерін сол жерде қалдырып, ары қарай қалаға метромен кірсе болады», - деді ол.
Айта кету керек, вокзал 14,7 га территорияда орналаспақ. 1000-ға жуық көлік сыятын автотұрақ жасалады. Болашақта көлемі бұдан да артуы мүмкін.
Қазір Алматыда 9 метростансасы жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар Сарыарқа, Достық стансалары салынып жатыр. Бірінші желінің ұзындығы 3,1 шақырымға ұзармақ.