Алматы метросында өрт шықты
17:51, 06 Мамыр 2018
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросының Мәскеу стансасында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт туралы хабарлама түскі 14.00-де түскен.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, тілсіз жау электр қалқаннан шыққан.
Қызыл жалын 0,2 шаршы метр аумақты шарпыған.
Тілсіз жау өрт сөндірушілер келгенше сөндірілген.