АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы метросында пойыздардың қозғалыс аралығы 7 минутқа дейін қысқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
3 қарашадан бастап Алматы метросында пойыздар қозғалысының аралығы қысқарды. Бұл туралы «Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз қызметінен мәлім етті.
«Жолаушылар ағынының ұлғаюы және жолаушылардың көптеген өтінішіне байланысты халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында Алматы қаласының метрополитенінде пойыздар қозғалысының аралығы қарбалас уақытта 10 минуттан 7 минутқа дейін қысқарады»,- делінген ресми хабарламада.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.