Алматы метросында «Шеберлер қаласы» көрме-жәрмеңкесі өтеді
03:49, 17 Наурыз 2013
АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - 20 наурыз күні Алматыдағы қалалық метрополитенде «Шеберлер қаласы» атты ел қолөнер шеберлерінің шығармашылық жұмыстарына арналған көрме ашылады.
Онда келушілер назарына авторлық қуыршақтар топтамасы, көркемдік және дизайнерлік жұмыстар, коллекциялық заттар, шығармашылыққа арналған материалдар мен құрал-жабдықтар, тігін жабдықтары және тағы басқалары ұсынылады.
Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамына арналған көрме 24 наурызға дейін жалғасады.