Алматы метросындағы қайғылы оқиға адам өмірін қиды

АСТАНА.   Қыркүйектің 30-ы.  ҚазАқпарат -  Салынып жатқан  Алматы метросында орын  алған   қайғылы оқиға  адам өмірін  қиды,

деп   хабарлайды Төтенше жағдайлар  министрлігінен.

Сәрсенбі күні    түнде   40 метрлік  тереңдікте  «Метроқұрылыс»    ашық  акционерлік  қоғамының 41 жастағы  жұмысшысы  аяғы тайып  кетіп құлап,  «КамАЗ» көлігінің   астына түсіп қалды.  Оқиға   Төлебаев және  Төле би  көшелерінің  қиылысындағы  учаскеде   орын  алды.  Зардап шегуші  оқиға орнында көз жұмды.