Сарапшылар мәжілісі сайыстың келесі кезеңіне жіберілген баламалы нұсқаларды анықтады. Жалпы бұл байқауға 180-ге жуық үміткер қатысқан болатын. Олардың арасынан 57 адамның 96 жұмысы қоғамдық және сараптамалық дауыс беруге жіберілген еді. Онда 8-і іріктеліп, одан кейінгі сараптамалық комиссия отырысында оның бесеуі таңдап алынып, қалақұрылысы кеңесіне ұсынылды. Қазақстан дизайнерлер одағының төрағасы Тимур Сүлейменов төрағалық ететін Сараптамалық комиссия құрамында McCann Erickson Kazakhstan агенттігінің креативті директоры Сергей Радионов пен Sun Advertising директоры Джанэт Жакиен бар. Жеңімпаздың есімі енді қыркүйектің соңғы жексенбісінде атап өтілетін қала күнінде белгілі болмақ. Биыл бұл шара 25-қыркүйекке сәйкес келіп отыр.
18:47, 22 Тамыз 2011
Алматы метросының төл таңбасына жарияланған байқаудың қорытындысы қала күні жарияланады
АЛМАТЫ. 22 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы метросының төл таңбасына жарияланған байқаудағы қоғамдық және сараптамалық дауыс беру шарасы аяқталды.