Алғашқы кезде байқау мерзімі 29 шілде деп белгіленіп, оның қорытындысы 7 тамызда белгілі болады деп жарияланған болатын. Алайда 3 тамызда қала әкімдігі байқау мерзімін тамыздың 12-сі күнгі кешкі 18:00-ге дейін ұзартты. Оған алғашқы кезеңде үміткерлерден 67 жұмыс қабылданған еді. Енді олардың саны 90-ға жуықтап отыр. Байқаудың екінші кезеңінде қалалық мәдениет басқармасының әлеуметтік желісіндегі парақшасында дауыс беру шарасы өтпек. Олардың арасынан үздік деп табылғандарына үшінші кезеңде қала құрылысы кеңесі мен сарапшылар алқасы өз бағасын бермек.
17:39, 16 Тамыз 2011
Алматы метросының төлтаңбасына жарияланған байқау мерзімі аяқталды
АЛМАТЫ. 16 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы метросының төлтаңбасына жарияланған байқаудың мерзімі аяқталды.