деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қылмыстық оқиға тамыздың 6-сы күні тапа-тал түсте аталмыш мейрамхананың ішкі көлік тұрағында болған. Мейрамхана директорының күзетшілері мен олардың таныстары арасында болған ұрыс-керіс төбелеске ұласқан. Жарақат алғандар қалалық емханаға жеткізілген. Ауыр дене жарақатын алған үш адам емханада көз жұмған.
Қазіргі уақытта Алматы қаласының ІІД-де арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Аталмыш оқиғаға қатысы бар деген күдікпен "Самарқанд" мейрамханасының директоры мен күзет басшысы ұсталды. Тағы екі қызметкерге іздестіру жарияланған.