ҚР ТЖМ-нан мәлім еткендей, Алматы облысы Қарасай ауданын басып өтетін күре жолдың 45-ші шақырымында «Тойота» мен «МАН» автокөліктері соқтығысып қалып, екі көлік отқа оранған.
Жол апаты салдарынан «Тойота» машинасының 26 жастағы жүргізушісі мен оның 25, 32, 8 және 1 жастағы жолаушылары оқиға орнында мерт болды.
Төтенше жағдайды жоюға ТЖМ «Республикалық шұғыл-құтқару жасағы» ММ-нің 8 адамы мен 1 техникасы, Алматы облысы бойынша өртке қарсы қызметінің 5 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.