Режиссері - театрдың көркемдік жетекшісі Ирина Симонова. Бұл қойылымда өмір пәлсафасы мен адамның мәңгілік шынайы еркіндікке ұмтылуы көрсетіледі.
Спектакль неміс және ілеспе аудармамен орыс тілдерінде өтті. Қойылымда Apokaliptika тобының әуендері қолданылған. Театр труппасы ендігі кезекте заманауи еуропалық қойылымдарды көрсетуді жоспарлап отыр.
Германияның Қазақстандағы жылын Германия Сыртқы істер министрлігі Гете институтымен бірлесіп, METRO Cash&Carry, BMW, Gazprom Germania және Siemens компанияларының демеушілігімен өткізуде.