Дастан Сұлтанмұратұлы 1971 жылы туған, білімі жоғары. 1993 жылы Алматы зооветеринарлық институтын «зооинженер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1993 жылы Шәлкөде шаруалар бірлестігінің ферма зоотехнигі болып бастаған.
Әр жылдары «Шынар» шаруа қожалығының төрағасы, Шәлкөде ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Қарасаз, Шәлкөде ауылдық округтерінің әкімі, Райымбек ауданы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2018 жылдың мамыр айынан бүгінгі күнге дейін Кеген ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.