АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылдың 31 мамыры күні Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті Ішкі қауіпсіздік басқармасының мамандары Жаркент аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы аумағында ҚХР-дан ҚР-ға тауарды кедергісіз тасымалдау және жалпы жақтасушылық жасауы үшін Ж.есімді азамат «Алтынкөл» кеден бекетінің лауазымды тұлғасына 50 мың теңге көлемінде пара беру кезінде ұсталды.
Қазіргі таңда осы факті бойынша ҚР ҚК 367-бабы 1-тармағы «пара беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті Ішкі қауіпсіздік басқармасы ескерткендей, ҚР ҚК 367-бабы 1-тармағы бойынша лауазымды тұлғаға пара беру - мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы қолданылатын қылмыстық жауапкершілік болып табылады.