«Қазіргі уақытта Рүстем Әбідірахманов орнында, қызметінен шеттетілген жоқ. Ол рейдерлік іске қатысты куәгер саналады және куәгерлердің қатарында. Күдікке іліккен жоқ. Одан жауап алынды, тергеу іс-шаралары жүргізілді», - деді ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Елдос Сағиев ведомствоның биылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар Бас прокуратура өкілі оған қатысты тінту іс-шараларының жүргізілмегендігін, ұялы телефоны тәркіленбегендігін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысының полиция департамент бастығының орынбасары Рустам Абдрахмановтан жауап алынғаны туралы хабарланды.