«Тимурбек өзінің осындай азаматтық ұстанымының арқасында бүкіл елге танымал болып отыр. Ауылдың қарапайым баласының бұндай қадамы шындығында оның батырлығы мен батылдығын көрсетеді. Сонымен қоса, біз баланы тәрбиелеген ата-анаға да алғыс айтамыз. Оның әкесі Тахир мен анасы Ынтызар балаларын көмекке зәру адамға қамқор болуға тәрбиелеген. Бұл баршамызға үлгі», - деді Еңбекшіқазақ ауданы Жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Мақсат Кәрібаев.
Еске сала кетейік, 14 сәуір күні Алматы облысының Түрген ауылында мектептен қайтып келе жатқан 8 жасар қызға бейтаныс азамат тап берген. Оқиға орнында кездейсоқ тап болған мектеп оқушысы Тимурбек Жамаладдинов педофилден баланы құтқарып, кейіннен қаскөйді ұстауға да көмектескен.
Тимур Жамаладдинов - Түрген ауылындағы Д.А.Қонаев атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы. Ол осы ерлігі арқылы елімізге танымал болды.