«Облыстық соттың 8 маманы індет жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, дәрігерлердің жіті бақылауына алынды. Мекеме екі апталық карантинге жабық.
Сот ғимараты мен оның аумағы қарқынды залалсыздандырылуда», - деді Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы Самат Авганов.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз.