ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Алматы облыстық аумақтық ветеринарлық инспекция басшысы мен аталған ведомствоның шекараға шектес бекеттерді бақылау жөніндегі бөлім басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Олар аталған ведомствоның бас маманы лауазымы қызметіне тұрғызғаны үшін 700 мың теңге сомасында пара алу күдігіне ілікті. Тергеу амалдары жалғасуда» делінген таратылған мәліметте.