ҚР ТЖМ-нің баспасөз ықзметінен хабарлағандай, өрт 4-тен 16 минут кеткенде сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Алматы қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 50 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау 30 шаршы метрді шарпыды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 50 адам қауіпсіз аумаққа шығарылды.
07:40, 15 Ақпан 2012
Алматы облысы әкімі аппаратының 5 қабатты ғимаратында өрт болды, 50 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді
АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - 14 ақпан күні сағат 15.28-де Алматының Алмалы ауданында Алматы облысы әкімі аппаратының 5 қабатты ғимаратының 3-інші қабатында орналасқан кабинеттердің бірінен өрт шықты.