Сонымен бірге, кеңесші әкімнің орынбасары қайтыс болды деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.
«Бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарамын және оның аман екенін айтқым келеді. Ол 5 қаңтарда тәртіпсіздік кезінде жарақат алды. Онымен сөйлестім, қазір ем алып жатыр. Жағдайы тұрақты», - деді әкімнің кеңесшісі.
Оның айтуынша, облыстағы жағдай тұрақтанып келеді, Талдықорған қаласының периметрі бойынша және қала ішінде блокпостар қойылған.
Әрбір автокөлік пен адам тексеріліп жатыр.
Әкімнің кеңесшісі қала тұрғындарынан мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауды және үйден шықпауды, комендатураның барлық талаптарын сақтауды сұрайды.
Одан бөлек, Ғалымұрат Жүкел тәртіпсіздік кезінде ірі азық-түлік хабы болып саналатын «Алтын орда» базары зардап шеккенін айтты.
Қазір базар жұмыс істеп тұр, онда қауіпсіздік шаралары күшейтілген.
Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Алматы облысында күш құрылымдарының лаңкестікке қарсы операциясы жалғасып жатыр.