Екінші орынды астаналық ардагерлер құрамасы жеңіп алды. Олар 300 мың теңгенің сертификатын иеленді.
Ал үшінші орын Алматы облысының Ауған соғысы ардагерлеріне бұйырды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыс әкімінің Кубогімен, медальдармен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.
Өңір басшысы Амандық Баталов бұл жарыстың жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп тұратындығына сенім білдірді.
Естеріңізге сала кетейік , Ауған соғысы ардагерлері арасында республикалық жарыс ұйымдастыру биыл ақпан айында көтерілген болатын. Өңір басшысына осындай ұсынысты жетісулық интернационалист- жауынгерлер білдірген еді. Бірден ұсынысты қабылдаған Алматы облысының әкімі осы жарыстың өтуіне тікелей ықпал етті. Болашақта алғаш рет республикалық деңгейде өткен шараның ауқымын кеңейту жоспарлануда.