Алматы облысы Ақсу ауданының прокуроры болып Е.Әлібаев тағайындалды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаевтың бұйрығымен Алматы облысы Ақсу ауданының прокуроры тағайындалды.

Бұл қызметке бұған дейін ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық заңдылығын қадағалау департаменті бөлімінің аға прокуроры қызметін атқарған 32 жастағы Ерғали Әлібаев келді.

Түстен кейін Алматы облысының прокуроры Ғабит Миразов Ерғали Әлібаевты аудан прокуратурасының қызметкерлеріне таныстырады.

Ол бұрынғы Талдықорған облысының Талдықорған ауданының тумасы.

Үйленген. Үш баласы бар.

Ақсу ауданының бұрынғы прокуроры Іле ауданы прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар