деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ә.Исекешов бастаған делегация 5 мың жұмыс күшін тартып отырған «Жетіген-Қорғас - ҚР Мемлекеттік шекарасы» теміржол желісінің құрылысымен, «Даму» индустриялды-логистикалық орталық» ЖШС, «Медиатекс-Н» бас киімдер тігетін фабрика мен сүт өнімдерін шығаратын «Danon-Bercut» ЖШС сияқты инвестициялық жобалардың құрылысын аралап, жұмыс барысымен танысты.
«Алматы облысы бойынша қазір индустриялды-инновациялық 22 жоба бар, оның 10-ы республикалық индустрияландыру картасы бойынша, солардың 8-і биыл іске асатын болады. Қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан жұмыстар көңіл қуантарлық. Барлық нысандардың құрлысы жоспар бойынша жүргізіліп келеді», деді Ә.Исекешов.
Сондай-ақ ол қайта өңдеу саласында да жаңа жобалардың іске асып жатқандығын айтып өтті. «Сонымен қатар, бүгін «Даму» индустриялды-логистикалық орталығында салынып жатқан сүт өңдейтін фабриканың жұмысмен таныстық. Оны француздық ірі компания жүзеге асыруда. Бұл өндірістегі жаңа бір белес болып табылады. Олар маңайына фермерлік кластерді тартуда және осындай тағы бір фабриканы Қостанайдан ашпақшы», деп атап өтті Әсет Исекешов.