Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар Ұлттық бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті ҚР БҒМ «Өрлеу» Ұлттық орталығының Алматы облыстық филиалы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру бойынша институт директоры Х. Дүйсебаевты ұстады. Ол ақшаға ғимаратты жүйелі түрде заңсыз жалға беріп отырған.
Осылайша, Х. Дүйсебаев асхананы заңсыз келісімшартсыз жалға бергені үшін жеке тұлғадан 200 000 теңге көлемінде пара алып жатқанда ұсталды.
Қазір Х. Дүйсебаев Алматы қ. ІІД уақытша оқшаулау абақтысына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.