Орталық бастығы Балғабек Тәжібаевтың айтуынша, бұл негізінен тонау, ұрлық, бұзақылық және автокөлік құралдарын айдап әкету қылмыстары. Орталық мамандары сыртқы бейнебақылаудың көмегімен сондай-ақ, жол қозғалысы тәртібін бақылау арқылы жол қозғалысы тәртібін бұзуға қатысты 2800 жәйтті анықтады. Соның негізінде 17 миллион 578 мың 118 теңгеге айыппұл салынып, 8 миллион 913 мың 687 теңге өндірілді. Енді қоғамдық тәртіп бұзу автоматты түрде тану мен оқиға орнынан Жедел басқару орталығы операторына дыбыстық дабыл беретін интеллектуалдық бейнебақылау жүйесін енгізу де жоспарланып отыр. Бұл - қылмыстарды ізін суытпай ашуды мүмкіндігінше ұлғайтып, жедел ахуалға барынша тиімді ықпал етуге түрткі болмақ.
18:42, 12 Қазан 2010
Алматы облысы Ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығы 1 жылда 8044 әкімшілік құқық бұзушылық пен 42 қылмысты ашты
АЛМАТЫ. Қазанның 12-cі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы облысы Ішкі істер департаментінің биыл құрылғанына 1 жыл толып отырған Жедел басқару орталығы 8044 әкімшілік құқық бұзушлық пен 42 қылмысты ашты.