Алматы облысы қант тапшылығын көріп отырған жоқ

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Алматы қант» АҚ зауыты 26,5 мың тонна ақ қант өндірді.

Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан «Алматы қант» АҚ қант өндіруге 2010 жылғы мамырдың 19-ы күні кіріскен болатын.

Зауыттың өнеркәсіптік қуаттылығы - тәулігіне 800-820 тонна қант өнімін шығару.

«Алматы қант» АҚ президентінің қызметін атқарушы Александр Соболенко хабарлағандай, бүгінгі таңда 27 мың тонна шикізат өнімі қайта өндіріліп, 26,5 мың тонна ақ қант шығарылды.

Зауыт Қазақстанның бар аймағын дерлік дайын өніммен қамтамасыз етіп отыр. Қанттың 1 келі бағасы 152 теңге. Бұл зауытта 745 адам жұмыс істейді.