Бүгін, маусымның 15-інде облыстық білім басқармасы тестілеуге 12 728 оқушының қатысқандығын хабарлады. 2 мыңға жуық оқушы 101-ден 125-ке дейін балл жинаған, бұл жалпы тест тапсырушылардың 15,7 пайызын құрайды. «Алтын белгіге» үміткер 370 түлектің 257-сі өз білімдерін көрсете білді. Ал болжанған 137 үздіктердің тек 71-і ғана ерекше үлгідегі аттестатқа лайық екендіктерін дәлелдей алды.
Облыстың қалалары мен аудандары рейтингісінде осымен екінші жыл Қапшағай қаласы көш бастады, орташа нәтиже - 94,4 балл. Одан кейінгі кезектерде 89,5 баллмен - Қарасай, 89 баллмен - Алакөл аудандары және 88,2 баллмен - Талдықорған қаласы тұр. Ең төменгі көрсеткіш Кербұлақ ауданында - 74,1 балл.