Алматы облысы: Кеген - қарағай көшетінің мекені

None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Айналамызды қоршаған жасыл шыр­ша, орман алабы өсер ұрпақ үшін керек, ел келешегі үшін аса маңызды. Жанға шуақ, бойға қуат сыйлайтын, жүзіңе әр, жүрегіңе нәр беретін осынау табиғат әлемін рұқ­сат­сыз қырқылудан, кездейсоқ өрттен сақ­тап, қорғайтын орманшы­лардың басты міндеті - орман ала­бын одан ары мо­лайту.

«Жетісу» газетінің жазуынша, Райымбек ауданын­да­ғы Кеген орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі - қарағай көше­тінің бір Отаны іспетті. Үсті­міз­дегі жылғы маусым айын­да Жанат Демежанов басқаратын атал­ған орман шаруашылығы тұ­рақ­ты тұқым­бағы негізінде об­лыстық семинар-ке­ңестің өт­кізілуі бекер емес.

Мекемеде 5 орман­шы­лық бар. Мұнда 82 адам еңбек етеді. Орман­шы­лық­тың жал­пы жер көлемі 84790 гектар бол­са, оның ішінде 24272 гек­тары ор­ман алқабы болып та­былады. Осынау табиғат әле­міндегі айналым­дар мен орам­дарда қысы-жазы өмір­­­­ле­рін өткізетін 41 ор­ман кү­ту­шісі тұрғын үймен, атпен, қа­жетті құрал-жаб­дық­тармен қам­тамасыз етіл­ген.

Кеген орман шаруа­шы­лы­­ғы ме­ке­ме­сіндегі Жала­ңаш ор­ман­шы­лы­ғында ба­за­лық тұқымбақ, Темірлік ор­ман­шы­лығында уақытша тұқымбақ бар. Осынау тұ­қымбақтардың ая­сында жыл сайын 0,5 гек­тар жер­ге Тянь-Шань қара­ға­йы­ның тұқымы себіледі. Одан аз дегенде 500 мың дана кө­шет өсіріледі. Бұл кө­шет­тер арам шөптерден тазар­тылып, уақ­тылы суғарылып 4 жыл өсі­ріледі. Мекеме бойын­ша жыл сайын алдын ала дайын­дал­ған 50 гектар алаң­қай­ларға 250 мың дана жас көшет отыр­­ғызылады. Тұқымбақтарда Тянь-Шань қарағайының кө­шет­терінен бөлек көгілдір қа­ра­ғай, алма, өрік, үйеңкі өсі­рі­луде. Бір сөзбен айтқанда, Ке­ген ор­ман шаруашылығы ме­ке­месіндегі тұқымбақтар ар­қы­лы 4 жыл өсірілетін шырша кө­шеттері респуб­ли­каның игі­лігі болып келеді. Жыл сайын 3 мыңнан аса көшет өңірлерді кө­гал­дандыру мақ­­сатында сатылып, бері­леді. Мұндағы шырша кө­шеттері Аста­на­да, Алма­ты­да, облыс орта­лығында жә­не республиканың түкпір-түк­пірінде бой көтеруде.

Ал Берік Көшекбаев же­тек­шілік жасайтын Темірлік ор­ман­шылығына жал­­­пы 19578 гектар жер қарайды. Дәу­лет Көшербаев, Берік Шар­ғынов секілді ор­ман шеберлері, Сағатжан Қа­сымбе­ков, Нұр­са­па Дүйсен­биев, Мұқтар Елу­баев, Санат Түл­кібаев, Тө­леген Алма­б­е­ков секілді орман күту­шілері еңбек етеді. Орман­шы­лы­қ­тың уақытша тұ­қым­бағы бар. Жыл сайын 0,2 гектар жер­­­ге шырша тұ­қымы себіліп, өсіріліп келеді. Тұқым­бақта жергілікті Шренка шыршасы, қа­рағай, көгілдір шыршасы да өсірі­ле­ді.

- Жыл сайын орман қо­рын мо­лайту мақсатында 10 гек­тар жерге шұң­қыр­лар қа­зы­лып, шырша көшет­тері отыр­ғы­­зылады. Тұқым­бақ­тағы жұ­мыс оңай емес. Шыр­шаның тұ­қы­мын жинау, оны тек­се­руден өткізуге одан соң өне­тін дәрежесіне жет­кенге дейін бір жыл күтіп-баптауға, сосын отырғызып 4 жыл қамқор­лық­та ұс­тауға көп еңбек, рет-ре­тімен жұ­мыс жалғасады. Нау­қан ке­зін­де тұқым­бақ­қа уақыт­ша жұ­мыс­шы­лар алы­нады. Жұ­мы­сымыз же­міссіз емес, - дейді Темірлік ор­ман­шы­­­лығының орман­шы­сы Бе­рік Кө­шек­­баев.

Мұндағы орманшылар да арнайы киіммен, байланыс құралдарымен, көлікпен то­лықтай қамтамасыз етіл­ген. Орманшылар қысы-жазы тұ­ра­тын ай­налымдардағы кар­дондар талапқа сай күрделі жөндеуден өткізілген. Биыл №44 айналымдағы орман күту­ші­лерінің үйі ағымдағы жөндеуден өт­кізіліпті.

- Ауа-райының түрлі құ­бы­лыс­та­рын, ауырт­па­лық­тарын бастан өткеріп жата­мыз. Қарамағымыздағы ор­ман алабы тұрақты наза­ры­мызда. Еңбек­ақы­мыз аз бол­са да жұмыстың қиын­ды­­ғын мой­нымызбен көтеріп, жауап­­кер­­шілігін сезініп, абы­роймен еңбек­те­ніп келеміз. Көз қуаныш, жан жұба­ны­шындай орма­ны­мыз­ды жас көшет­пен мо­лайтып, өрттен қорғап, ке­мел келе­ше­гін қамдау - басты мұратымыз, - дей­ді Темірлік орманшылығының жа­сыл киімді орман­шы­лары.