ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәлімдеуінше, Қазақстандағы жалпы көлік саны 4 миллионға жақындауда. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 5%-ға аз.
Атап өтейік, Қазақстанда өткен жылдың 11 айы бойынша 600600 автомобиль рәсімделген, бұл 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 11%-ға төмендеген. Жалпы еліміздегі тіркелген жеңіл көлік саны 3 миллион 850 мың көлікке жеткен.