Су басқан учаскелердің санын есептеу жұмыстарына жауын кедергі келтіруде. Су басқан ауданға Алматыдан қосымша республикалық жедел құтқару жасағының күштері (18 құтқарушы, 2 техника) келді. Суды ағызу жұмыстарын жүргізу үшін 8 мотопомпа дайындалды. Жедел штаб жұмыс істеуде.
Соңғы деректерге сәйкес 151 саяжай мен учаскені су басты («Ақсай-19» - 83 саяжай, учаске. «Труд» - 15 саяжай мен учаске, «Полет» - 12 саяжай, учаске, «Торпеда» - 21 сайжай, учаске). Сондай-ақ «Бота балалар орталығы» балабақшасын, Қырғауылды ауылында 20 ауланы су басты.