Алматы облысы тауларында су тасқыны болуы ықтимал

АЛМАТЫ. 29 наурыз. ҚазАқпарат - 30 наурыз күні Алматы облысының тау бөктеріндегі өзендерде болжанып отырған қатты жаңбырларға байланысты жауын-шашыннан жиналған су тасқындары болуы мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласының ТЖД-нің  баспасөз қызметі хабарлайды.

Төтенше жағдайдың қаупі төнген немесе болған жағдайда  Департаменттің бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметінің 274 22 19, 101, 112, 109 телефондары арқылы хабарласуларын сұрайды.