16:00, 08 Маусым 2009
Алматы облысы заңсыз көші-қоннан арылуда
ТАЛДЫҚОРҒАН. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ – 2009 жылдың бес айы ішінде Алматы облыстық ішкі істер департаменті көші-қон полициясының басқармасы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі және аудандық ішкі істер бөлімі көші-қон полициясының қызметкерлері Алакөл ауданында Қазақстан Республикасында болу ережесін бұзған Өзбекстанның, Қырғызстанның және Қытайдың 38 азаматын ұстады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Алакөл аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон полициясы хабарлағанындай, аудандық соттың шешімімен Қытай Халық Республикасының 7 азаматы және Өзбекстан мен Қырғызстанның 31 азаматы әкімшілік тұтқынға алынып, республика аумағынан тыс шығарылды. Сонымен қатар, 4 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.