Алматы облысы және ШҚО әкімдіктері арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

None
ДЫҚОРҒАН. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Бүгін аймақ әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Талдықорғанға келді. Делегация құрамында - Шығыс Қазақстанның ірі кәсіпорындарының басшылары және өкілдері бар.

Екі облыс өкілдері кездесуінің маңызды сәттерінің бірі Алматы облысы және ШҚО әкімдіктері арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою болды.

 Бүгінгі іс-шара аясында «Азия Авто» АҚ ұйымдастырған «Шевроле» маркалы жеңіл автомобилінің 7 моделі ұсынылды.